Демотон в порошке — инструкция по применению

Инструкция по применению демотона в порошке, описание действия препарата, показания к применению порошка демотона, взаимодействие с другими лекарствами, применение демотона (порошок) при беременности. Инструкции: Демотон в растворе;
Торговое название: Демотон – Т
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Концентрат для приготовления раствора для инфузий 10 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A11 Витамины
A11B Поливитаминные комплексы без добавок
A11B A Поливитаминные комплексы без добавок
Фарм. группа:
Поливитамины. Код АТС А11BA
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25 °С в защищенном от света месте. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
18 месяцев. Не применять после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Прозрачный раствор оранжево-желтоватого цвета со специфическим запахом.

Состав демотона в порошке

10 мл раствора содержит
10 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество демотона

иридоксина гидрохлорид 25 мг, тиамина гидрохлорид 75 мг, цианокобаламин 0,75 мг, ретинола пальмитат 4,50 (15000 МЕ), рибофлавин 10 мг, никотинамид 125 мг, декспантенол 30 мг, эргокальциферол в полисорбате 80 0,025 мг (1000 МЕ), dl-альфа-токоферола ацетат 10,00 (10 МЕ)
25 мг пиридоксин гидрохлориді, 75 мг тиамин гидрохлориді, 0,75 мг цианокобаламин, 4,50 (15000 ХБ) ретинол пальмитаты, 10 мг рибофлавин, 125 мг никотинамид, 30 мг декспантенол, 0,025 мг (1000 ХБ), полисорбат 80-де эргокальциферол, 10,00 (10 ХБ) dl-альфа-токоферол ацетаты

Вспомогательные вещества в демотоне

бензиловый спирт, этаноламид кислоты гентизиновой, полисорбат 80, вода для инъекций
бензил спирті, гентизин қышқылының этаноламиді, полисорбат 80, инъекцияға арналған су

Показания к применению порошка демотона

В составе комплексной терапии
  • пред- и послеоперационный период
  • заболевания желудочно-кишечного тракта, язвенный колит
  • полиневриты, невралгии
  • период реконвалесценции после инфекционных заболеваний с целью повышения иммунитета
  • лечение и профилактика гиповитаминоза, повышенная потребность в витаминах (гипертиреоз, хронический алкоголизм, нарушения питания)
  • в гериатрии - престарелым больным людям (назначают как препарат выбора)
Кешенді ем құрамында
  • Операция алдындағы және кейінгі кезеңде
  • асқазан-ішек жолының ауруларында, ойық жаралы колитте
  • полиневриттерде, невралгияларда
  • жұқпалы аурулардан кейін иммунитетті арттыру мақсатында реконвалесценция кезеңінде
  • гиповитаминозды емдеу және алдын алуда, витаминдерге қажеттілік жоғарылағанда (гипертиреоз, созылмалы маскүнемдік, тамақтанудың бұзылуы)
  • гериатрияда – қарт науқастарға (таңдау препараты ретінде тағайындайды)

Противопоказания демотона в порошке

  • гиперчувствительность к отдельным компонентам препарата
  • декомпенсированная сердечная недостаточность, тяжелые нарушения сердечной проводимости
  • гипервитаминоз одного из витаминов, содержащихся в препарате
  • активный компонент препарата декспантенол противопоказан больным, в случаях гемофилии и непроходимости подвздошной кишки, вызванной механическим препятствием
  • детский возраст до 3-х лет
  • препараттың жекелеген компоненттеріне асқын сезімталдық
  • декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары
  • препараттың құрамындағы витаминдердің біреуінің гипервитаминозы
  • препараттың белсенді компоненті декспантенол гемофилия жағдайындағы және механикалық кедергіден туған мықын ішегінің бітелуі бар науқастарға қарсы көрсетілімді
  • 3 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия порошка демотона

  • аллергические реакции
Редко
  • потливость
  • тахикардия
  • появление угревой сыпи, кожные реакции в виде зуда, крапивницы, анафилактический шок
  • головокружение, аритмия, судороги (при очень быстром введении препарата)
Возможны
  • гипервитаминоз А и Д (при применении в высоких дозах)
  • аллергиялық реакциялар
Сирек
  • тершеңдік
  • тахикардия
  • безеу бөртпесінің, қышу, есекжем түріндегі тері реакцияларының, анафилактикалық шоктың пайда болуы
  • бас айналуы, аритмия, құрысулар (препаратты өте жиі енгізгенде)
Болуы мүмкін
  • А және Д гипервитаминозы (жоғары дозаларда қолданғанда)

Особые указания к применению

В случаях очень быстрого введения препарата могут возникнуть системные реакции (головокружение, аритмия, судороги), которые могут быть и результатом передозировки. Если при смешивании препарата с инфузионными растворами возникают видимые изменения, например, изменения окраски, помутнение или выпадение осадка, смесь для применения непригодна.

Беременность и период лактации
Применение препарата при беременности возможно только в случаях, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода. Нет особых доказательств о прекращении грудного вскармливания при назначении препарата в период лактации.

Особенности влияния лекарственного средства на способность к управлению автотранспортом и потенциально опасными механизмами
Данные о воздействии на способность к управлению автотранспортом и потенциально опасными механизмами отсутствуют.
Препаратты өте тез енгізген жағдайларда жүйелі реакциялар туындауы мүмкін (бас айналуы, аритмия, құрысулар), олар артық дозалануының салдары да болуы мүмкін. Егер препаратты инфузиялық ерітінділермен араластырғанда, көзге көрінетін өзгерістер туындайды, мысалы, түсінің өзгеруі, бұлыңғырлануы немесе шөгінді түзілуі, қоспа қолдануға жарамсыз.

Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын болса ғана қолдануға болады. Препаратты лактация кезінде тағайындағанда бала емізуді тоқтату туралы ерекше дәлелдер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік және қуіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ.

Дозировка и способ применения

Только для внутривенных инфузий!

Вводимая ежедневная доза зависит от возраста пациента:

от 3 до 6-ти лет - 2 мл препарата разведенного в 100 мл 0,9% раствора натрия хлорида или 5% растворе декстрозы.

от 6 до 12 лет – 5 мл препарата разведенного в 250 мл 0,9% раствора натрия хлорида или 5% растворе декстрозы.

от 12 до 16 лет – 10 мл (одна ампула) препарата разведенного в 500 мл 0,9% раствора натрия хлорида или 5% растворе декстрозы.

от 16 лет и старше 10 мл – 20 мл (одна – две ампулы) препарата разведенного в не менее 500 мл 0,9% раствора натрия хлорида или 5% растворе декстрозы.

Длительность инфузии должна составлять не менее 30 мин. Продолжительность курса лечения зависит от оценки клинического статуса пациента. Рекомендуемый курс лечения проводится в течение двух недель. При необходимости курс лечения может быть продлен на срок не более трех недель.
Тек көктамырішілік инфузияларға арналған!

Енгізілетін күнделікті дозасы емделушінің жас шамасына байланысты:

3 жастан 6 жасқа дейін - 100 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 2 мл препарат.

6 жастан 12 жасқа дейін –250 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 5 мл препарат.

12 жастан 16 жасқа дейін – 500 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 10 мл (бір ампула) препарат.

16 жастағы және одан үлкендерге (бір-екі ампула) натрий хлоридінің кемінде 500 мл 0,9% ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 10 мл – 20 мл препарат.

Инфузия ұзақтығы 30 минуттан кем құрамауы тиіс. Емдеу курсының ұзақтығы емделушінің клиникалық статусын бағалауға байланысты. Ұсынылған емдеу курсы екі апта бойы жүргізіледі. Қажет болса емдеу курсы үш аптадан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.

Взаимодействие с лекарствами

Тиамин полностью распадается в растворах, содержащих сульфиты. При парентеральном применении лидокаина, в случае дополнительного использования норадреналина, возможно усиление побочного действия на сердце. Антациды снижают всасывание витамина В1.

Тиамин несовместим с окисляющими и редуцирующими веществами, хлоридом ртути, йодидом, карбонатом, ацетатом, таниновой кислотой, железо-аммоний-цитратом, а также фенобарбиталом натрия, бензил-пенициллином, глюкозой и метабисульфитом. Медь ускоряет распад тиамина; кроме того, тиамин утрачивает свое действие при увеличении значений рН (рН >3).

Пиридоксин снижает на 50% терапевтический эффект фенобарбитала и фенитоина. Леводопа снижает эффект терапевтических доз витамина В6. Также может происходить взаимодействие витамина В6 с циклосерином, Д-пеницилламином, эпинефрином, норэпинефрином, сульфонамидами, которое снижает эффект пиридоксина.

Изониазид, циклосерин, пеницилламин, гидралазин и антикоагулянты увеличивают потребность организма в витамине В6. Витамин В12 (цианокобаламин) несовместим с солями тяжелых металлов. Никотинамид усиливает эффект противогипертонических лекарственных средств и является агонистом изониазида.
Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды. Лидокаинді парентеральді қолданғанда, норадреналинді қосымша пайдаланған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсері күшеюі мүмкін. Антацидтер В1 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Тиамин тотықтырғыш және редуцирлеуші заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір-аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, бензил-пенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; бұдан өзге, рН (рН >3) мәні артқанда тиамин өзінің әсерін жоғалтады.

Пиридоксин фенобарбитал мен фенитоиннің емдік әсерін 50%-ға төмендетеді. Леводопа В6 витаминінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Сондай-ақ В6 витаминінің циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, эпинефринмен, норэпинефринмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі жүруі мүмкін, ол пиридоксиннің әсерін төмендетеді.

Изониазид, циклосерин, пеницилламин, гидралазин мен антикоагулянттар ағзаның В6 витаминіне қажеттілігін ұлғайтады.В12 витамині (цианокобаламин) ауыр металдардың тұздарымен үйлесімсіз. Никотинамид гипертонияға қарсы дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және изониазидтің агонисі болып табылады.

Передозировка демотоном в порошке

Симптомы - возможно усиление проявлений описанных в разделе «Побочные действия». При употреблении больших доз, существует вероятность возникновения гипервитаминоза витаминов А и D, симптомов сенсорной невропатии, атаксии.

Лечение - симптоматическое.
Белгілері - «Жағымсыз әсерлері» бөлімінде сипатталған көріністер күшеюі мүмкін. Жоғары дозаларын пайдаланғанда А және D витаминдерінің гипервитаминозы, сенсорлық невропатия симптомдары, атаксия туындауы мүмкін.

Емі - симптоматикалық.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Пиридоксина гидрохлорид после внутримышечной инъекции быстро абсорбируется в кровяное русло и распределяется в организме. Около 80% витамина связывается с белками плазмы крови. Пиридоксин распределяется во всем организме, проходит через плаценту и обнаруживается в материнском молоке, депонируется в печени. Выводится с мочой. Период выведения составляет от 15 до 20 дней.

Тиамин метаболизируется в печени, метаболиты выводятся с мочой. Тиамин проникает через гематоэнцефалический, плацентарный барьеры, обнаруживается в материнском молоке. В случае передозировки тиамином, препарат выводится с мочой и потом в неизмененном виде.

Цианокобаламин связывается с белками плазмы и 90% накапливается в печени. Период выведения составляет около 6 часов. Максимальная концентрация в сыворотке крови достигается через час после введения препарата. Препарат метаболизируется в печени и выводиться с желчью. Избыток цианокобаламина в неизмененном виде выводиться с мочой.

Ретинола пальмитат всасывается почти полностью. Распределяется в организме неравномерно: наибольшее количество находится в печени и сетчатке, меньшее — в почках, сердце, жировых депо, легких, лактирующей молочной железе, в надпочечниках и других железах внутренней секреции. В процессе метаболизма образуются ретинилпальмитат, ретинол, ретиналь и ретиноевая кислота. Метаболиты выделяются гепатоцитами в составе желчи, с мочой. С калом выделяется не более 10% от введенного количества.

Рибофлавин быстро всасывается и выделяется в мочу частично в качестве метаболитов. При увеличении дозы, большая часть препарата в неизмененном виде выводится с мочой. Никотинамид быстро распределяется во все ткани. Проникает через плацентарный барьер и в грудное молоко. Метаболизируется в печени с образованием никотинамида-N-метилникотинамида. Выводится почками.

Биодоступность декспантенола высокая. Связывается с белками плазмы, главным образом с бета-глобулином и альбумином.

Выводится в неизмененном виде: с мочей - 70%, с каловыми массами - 30%.

Эргокальциферол подвергается метаболизму, превращаясь в активные метаболиты: в печени - в кальцидол, в почках - из кальцидола в кальцитриол. В большом количестве накапливается в костях, в меньшем - в печени, мышцах, крови, тонкой кишке, особенно долго сохраняется в жировой ткани. Эргокальциферол и его метаболиты выводятся с желчью, незначительное количество - почками.

В процессе всасывания dl-α-токоферола ацетат образует комплекс с липопротеидами. Для абсорбции необходимо наличие желчных кислот. Связывается с альфа1- и бета-липопротеидами, частично - с сывороточным альбумином. При нарушении обмена белков транспорт затрудняется. Cmax достигается через 4 ч. Депонируется в надпочечниках, гипофизе, семенниках, жировой и мышечной ткани, эритроцитах, печени. Более 90% выводится с желчью, 6% - почками.
Пиридоксин гидрохлориді бұлшықетішілік инъекциядан кейін қан торабына тез сіңіріледі және организмге таралады. Витаминнің 80%-ға жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Пиридоксин барлық организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен табылады, бауырда жинақталады. Несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 15-тен 20 күнге дейін құрайды.

Тиамин бауырда метаболизденеді, метаболиттері несеппен шығарылады. Тиамин гематоэнцефалдық, плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді, ана сүтінде анықталады. Тиаминмен артық дозаланған жағдайда, препарат несеппен және өзгеріссіз күйде шығарылады.

Цианокобаламин қан плазмасы ақуыздарымен байланысады және 90%-ы бауырда жинақталады. Шығарылу кезеңі 6 сағатты құрайды. Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты енгізгеннен кейін бір сағаттан соң жетеді. Препарат бауырда метаболизденеді және өтпен шығарылады. Цианокобаламиннің артық мөлшері өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады.

Ретинол пальмитаты толығымен дерлік сіңеді. Ағзада біркелкі таралмайды: көп мөлшері бауыр мен торқабықта, азғантай мөлшері — бүйректе, жүректе, май тіндерінде, өкпеде, лактациялаушы сүт безінде, бүйрекүсті бездерінде және ішкі секрецияның басқа бездерінде болады. Метаболизм үдерісінде ретинилпальмитат, ретинол, ретиналь және ретиной қышқылы түзіледі. Метаболиттері өт құрамындағы гепатоциттермен, несеппен шығарылады. Нәжіспен енгізілген мөлшері10%-дан көп шығарылмайды.

Рибофлавин тез сіңеді және ішінара метаболиттер ретінде несепке бөлінеді. Дозасын ұлғайтқанда, препараттың көп бөлігі өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Никотинамид барлық тіндерге тез таралады. Плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Бауырда никотинамид-N-метилникотинамид түзе отырып метаболизденеді. Бүйрекпен шығарылады. Декспантенолдың биожетімділігі жоғары. Плазма ақуыздарымен, негізінен бета-глобулинмен және альбуминмен байланысады.

Өзгеріссіз күйде: несеппен - 70%-ы, нәжіс массаларымен - 30%-ы шығарылады. Эргокальциферол, белсенді метаболиттерге: бауырда - кальцидолға, бүйректе - кальцидолдан кальцитриолға айнала отырып, метаболизмге ұшырайды. Көп мөлшерде сүйекте, азғантай мөлшерде - бауырда, бұлшықеттерде, қанда, аш ішекте жинақталады, әсіресе май тіндерінде ұзақ сақталады. Эргокальциферол мен оның метаболиттері өтпен, азғантай мөлшері – бүйрекпен шығарылады.

Сіңу үдерісінде dl-α-токоферол ацетаты липопротеидтермен кешен түзеді. Сіңірілуі үшін өт қышқылдарының болуы қажет. Альфа1- және бета-липопротеидтермен, ішінара – сарысу альбуминімен байланысады. Ақуыздар алмасуы бұзылғанда тасымалдануы қиындайды. Cmax 4 сағаттан соң жетеді. Бүйрекүсті бездерінде, гипофизде, аталықтарда, май және бұлшықет тіндерінде, эритроциттерде, бауырда жинақталады. 90%-дан астамы өтпен, 6%-ы - бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамика

Препарат Демотон - T является отличной комбинацией жирорастворимых и водорастворимых витаминов в водном растворе. Препарат демонстрирует более высокий фармакологический эффект, чем прием данных витаминов по отдельности. Нейротропные витамины группы В оказывают благоприятное воздействие на воспалительные и дегенеративные заболевания нервной системы и двигательного аппарата, в высоких дозах обладают анальгетическим свойством, способствуют усилению кровотока и нормализуют работу нервной системы и процесс кроветворения.

Витамин В1 (тиамина гидрохлорид) в организме человека в результате процессов фосфорилирования превращается в кокарбоксилазу, которая является коферментом многих ферментных реакций. Витамин В1 оказывает влияние на проведение нервного импульса в синапсах. Витамин В6 (пиридоксин) играет важную роль в обмене веществ и необходим для нормального функционирования центральной и периферической нервной системы.

Витамин В12 (цианокобаламин) участвует в процессах трансметилирования, переносе водорода, образовании метионина, нуклеиновых кислот, холина, креатина. Витамин В12 оказывает благоприятное влияние на функцию нервной системы, улучшает работу мозга, участвует в образовании фермента, необходимого для продукции липопротеида в миелиновой ткани.

Ретинола пальмитат восполняет дефицит витамина А. Вследствие большого количества ненасыщенных связей активирует окислительно-восстановительные процессы, стимулирует синтез пуриновых и пиримидиновых оснований, участвует в энергообеспечении метаболизма, создавая благоприятные условия для синтеза АТФ. Повышает синтез белка в хрящевой и костной ткани, что определяет рост костей и хрящей. Стимулирует эпителизацию и предотвращает избыточное ороговение эпителия (гиперкератоз).

Регулирует нормальную функцию плоского эпителия, выполняющего барьерную роль, повышает резистентность организма к инфекции. Усиливает образование антител и активирует фагоцитоз. Витамин В2 (рибофлавин) действует в организме как кофермент в форме флавинадениндинуклеотида и флавинмононуклеотида, которые играют важную роль в метаболизме тканей дыхательной системы. Недостаток витаминов группы В приводит к снижению сопротивляемости организма в инфекциям. Никотинамид используется организмом как источник ниацина. Этот важный витамин играет важную роль в метаболизме липидов, тканей дыхательной системы и гликогенолизе.

В общем, данный комплекс витаминов оказывает каталитическое действие на обмен углеводородов и необходим для нормального функционирования центральной нервной системы, щитовидной железы, печени и органов кроветворения, желудочно-кишечного тракта.

Витамин Е (dl-α-токоферола ацетат) обладает антиокислительными свойствами, защищает компоненты клеток от окисления и предотвращает формирование токсических продуктов окисления; сохраняет целостность стенок красных клеток крови и защищает их против гемолиза.

Витамин D (эргокальциферол) жирорастворимый витамин. Регулирует обмен кальция и фосфора в организме. Его активные метаболиты легко проникают через клеточные мембраны и связываются в клетках органов-мишеней со специальными рецепторами, что способствует активации синтеза кальцийсвязывающих белков, облегчению всасывания кальция и фосфора, а также увеличению захвата костной тканью и предотвращению резорбции их из костной ткани.

Декспантенол это спиртовый аналог D-пантотеновой кислоты, которая является составляющей частью кофермента ацетил-КоА, который выполняет важную роль в метаболизме всех клеток. Оказывает выраженное влияние на образование и функцию эпителиальной ткани, обладает некоторой противовоспалительной активностью.
Демотон-T препараты майда және суда еритін витаминдердің сулы ерітіндідегі үздік біріктірілімі болып табылады. Препарат аталған витаминдерді жеке-жеке қабылдауға қарағанда жоғарырақ фармакологиялық әсер береді. В тобының нейротропты витаминдері жүйке жүйесінің қабыну және дегенеративті ауруларына жағымды әсер етеді, жоғары дозаларында ауыруды басатын қасиеті бар, қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің қызметі мен қан түзілу үдерісін қалыптандырады.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) адам ағзасында фосфорилдену үдерістерінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. В1 витамині синапстарда жүйке импульсінің өтуіне әсер етеді. В6 витамині (пиридоксин) зат алмасуда маңызды рөл атқарады және орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

В12 витамині (цианокобаламин) трансметилдену үдерістеріне, сутегі тасымалына, метионин, нуклеиндік қышқылдардың, холиннің, креатиннің түзілуіне қатысады. В12 витамині орталық жүйке жүйесі қызметіне оң әсерін тигізеді, ми қызметін жақсартады, миелиндік тіндегі липопротеид өніміне қажетті ферменттің түзілуіне қатысады

Ретинол пальмитаты А витамині тапшылығының орнын толтырады. Қанықпаған байланыстар көлемінің көптігі салдарынан тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенділендіреді, пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезін көтермелейді, АТФ синтезі үшін жағымды жағдайлар қалыптастыра отырып, метаболизмді энергиямен қамтуға қатысады. Шеміршек және сүйек тіндері ақуыздарының синтезін жоғарылатады, бұл сүйектер мен шеміршектердің өсуін анықтап тұрады. Эпителизацияны көтермелейді және эпителийдің шамадан тыс мүйізденуінің алдын алады (гиперкератоз). Кедергі қызметін атқаратын жалпақ эпителийдің қалыпты қызмет атқаруын реттеп отырады, организмнің жұқпаға резистенттілігін арттырады. Аниденелердің түзілуін күшейтеді және фагоцитозды күшейтеді.

В2 витаминінің (рибофлавин) ағзада флавинадениндинуклеотид және флавинмононуклеотид түріндегі кофермент ретінде әсері бар, ол тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. В тобы витаминдерінің жеткіліксіздігі организмнің жұқпаларға қарсыласқыштығының төмендеуіне алып келеді.

Никотинамид организмде ниацин көзі ретінде пайдаланылады. Бұл маңызды витамин липидтердің, тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде және гликогенолизде маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, бұл витаминдер кешені көміртектер алмасуына каталитикалық әсер етеді және орталық жүйке жүйесінің, қалқанша бездің, бауыр мен қан түзу органдарының, асқазан-ішек жолының қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

Е витаминінің (dl-α-токоферола ацетат) тотығуға қарсы қасиеттері бар, жасуша компоненттерін тотығудан қорғайды және уытты тотығу өнімдерінің түзілуін болдырмайды; қанның қызыл жасушалары қабырғаларының бүтіндігін сақтап тұрады және оларды гемолизге қарсы қорғайды.

D витамині (эргокальциферол) майда еритін витамин. Организмдегі кальций мен фосфор алмасуын реттеп отырады. Оның белсенді метаболиттері жасуша жарғақшалары арқылы оңай өтеді және арнайы рецепторлары бар нысана ағзалары жасушаларында байланысады, бұл кальцийді байланыстырушы ақуыздар синтезінің белсенділенуіне, кальций мен фосфордің сіңуінің жеңілдеуіне, сондай-ақ сүйек тіні қармауының ұлғаюына және сүйек тіндерінің резорбциясының алдын алуға ықпал етеді.

Декспантенол бұл ацетил-КоА коферментінің құрамдас бөлігі болып табылатын D-пантотен қышқылының спирттік аналогы, ол барлық жасушалардың метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Эпителий тінінің түзілуі мен қызметіне айқын әсер етеді, қабынуға қарсы кейбір белсенділігі бар.

Упаковка и форма выпуска

По 10 мл в ампулы из прозрачного темного стекла, с меткой для вскрытия. По 1 ампуле помещенной в пластиковую ячейку вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Ашуға арналған белгісі бар, мөлдір күңгірт шыныдан жасалған ампулаларда10 мл. Пластик ұяшыққа салынған 1 ампуладан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.