Демотон в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению демотона в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора демотона, взаимодействие с другими лекарствами, применение демотона (раствор) при беременности. Инструкции: Демотон в порошке;
Торговое название: Демотон - Б
Международное название: Нет
Лекарственная форма:
Раствор для инъекций 2 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A11 Витамины
A11B Поливитаминные комплексы без добавок
A11B A Поливитаминные комплексы без добавок
Фарм. группа:
Витамины. Комплекс витаминов группы В, включая комбинации с другими препаратами. Код АТС А11E
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25°С, в защищенном от света месте. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не использовать по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту.
Описание: Прозрачный раствор желтого цвета со специфическим запахом.

Состав демотона в растворе

2 мл раствора содержат
2 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество демотона

тиамина гидрохлорид – 10 мг, пиридоксина гидрохлорид – 4 мг, рибофлавина натрия фосфат эквивалентно рибофлавину – 4 мг, никотинамид – 40 мг
тиамин гидрохлориді – 10 мг, пиридоксин гидрохлориді – 4 мг, рибофлавинге баламалы рибофлавин натрий фосфаты – 4 мг, никотинамид – 4 мг

Вспомогательные вещества в демотоне

спирт бензиловый, этаноламид, вода для инъекций
бензил спирті, этаноламид, инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора демотона

В составе комплексной терапии
  • гипо- и авитаминоз В1, В2, В6, в т.ч. у пациентов, находящихся на энтеральном питании через зонд, на гемодиализе
  • синдром мальабсорбции
  • полинейропатии различной этиологии, в т.ч. диабетическая и алкогольная
  • вирусный гепатит
  • энцефалопатии (диабетическая, алкогольная и др.)
  • невриты, невралгии, в т. ч. тройничного нерва, межреберная, радикулиты, люмбаго, плекситы, периферические парезы и параличи, парез лицевого нерва
  • миалгии
  • атония кишечника, нарушение всасывания в кишечнике, выраженные нарушения функции печени
  • миокардиодистрофия, ишемическая болезнь сердца, ревмокардит, хроническая недостаточность кровообращения
  • тиреотоксикоз
  • хронический алкоголизм
  • опоясывающий лишай, дерматоз, нейродерматит
  • длительно незаживающие раны и язвы
  • астенический синдром
  • лучевая болезнь
  • меноррагии
  • анемия
  • при применении противотуберкулезных препаратов изониазидового ряда
  • профилактика стоматита, глоссита, гастрита, энтерита, колита, проктита после продолжительного применения антибиотиков
  • в офтальмологии (гемералопия, конъюнктивит, кератит, ирит, катаракта, язва роговицы)
  • гиповитаминоз в период беременности и лактации
Кешенді ем құрамында
  • В1, В6, В12 гипо- және авитаминоздарында әрі зонд арқылы энтеральді тамақтанудағы, гемодиализдегі науқастарға
  • мальабсорбция синдромында
  • шығу тегі әртүрлі полинейропатияда, оның ішінде диабеттік және маскүнемдікте
  • вирустық гепатитте
  • энцефалопатияда (диабеттік, және маскүнемдік т.б.)
  • невриттер, невралгиялар, оның ішінде үшкіл жүйкенің, қабыртқа- аралық, радикулиттер, люмбаго, плекситтер, шеткергі парездер және салданулар, бет жүйкесі парезінде
  • миалгияда
  • ішек атониясы, ішекте сіңуінің бұзылуы, бауыр қызметінің айқын бұзылуында
  • миокардиодистрофия, ишемиялық жүрек ауруы, ревмокардит, созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінде
  • тиреотоксикозда
  • созылмалы маскүнемдікте
  • белдемелі теміреткі, дерматоз, нейродерматитте
  • ұзақ жазылмайтын жаралар мен ойық жараларда
  • астениялық синдромда
  • сәуле ауруында
  • меноррагияда
  • анемияда
  • изониазидты қатардың туберкулезге қарсы препараттарын қолданғанда
  • антибиотиктерді ұзақ қолданғаннан кейінгі стоматит, глоссит, гастрит, энтерит, колит, проктиттің алдын алуда
  • офтальмологияда (гемералопия, конъюнктивит, кератит, ирит, катаракта, мөлдір қабық ойық жарасы)
  • жүктілік және лактация кезеңіндегі гиповитаминозда

Противопоказания демотона в растворе

  • повышенная чувствительность к витаминам В1, В2, В6 и никотинамиду или вспомогательным веществам
  • детский возраст до 3 лет
  • В1, В2, В6 витаминдері мен никотинамидке немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдықта
  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Побочные действия раствора демотона

  • аллергические реакции, кожный зуд, тахикардия, анафилактический шок
Иногда
  • парастезии, снижение чувства осязания, сонливость (при длительном применении препарата в высоких дозах)
  • аллергиялық реакциялар, тері қышымасы, тахикардия, анафилактикалық шок
Сирек
  • парастезия, сезінудің төмендеуі, ұйқышылдық (препаратты жоғары дозада ұзақ қолданған кезде)

Особые указания к применению

При приеме препарата возможно окрашивание мочи в желтый цвет, что не имеет клинического значения и обусловлено наличием в составе препарата рибофлавина. Нет особых предостережений по применению препарата в пожилом возрасте.

Беременность и период лактации
Проведенные исследования не выявили повышенного риска для плода при приеме препарата в период беременности.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Данные о воздействии на способность управлять автотранспортом или потенциально опасными механизмами отсутствуют.
Препаратты қабылдаған кезде несептің сары түске боялуы мүмкін, мұның клиникалық мәні жоқ, себепші болған препарат құрамында рибофлавиннің болуы. Препаратты егде жаста қолдану тұрғысында ерекше сақтандырулары жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі
Жүргізілген зерттеулерде препаратты жүктілік уақытында қолданған кезде ұрыққа төнетін жоғары қатер айқындалмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Дозировка и способ применения

Демотон-Б вводят глубоко внутримышечно или медленно внутривенно. Вводимая ежедневная доза зависит от возраста пациента:
  • от 3 до 6 лет - 1 мл препарата
  • от 6 до 12 лет – 2 мл (одна ампула) препарата
  • от 12 лет и старше – 2 - 4 мл препарата
В зависимости от общего состояния пациента, назначается по 2 или 4 мл ежедневно или через день. Продолжительность курса лечения зависит от оценки клинического статуса пациента. Рекомендуемый курс лечения проводится от 10 до 20 дней. При необходимости курс лечения может быть продлен по рекомендации лечащего врача, но не более 30 дней.
Демотон-Б тереңдете бұлшықет ішіне немесе баяу көктамыр ішіне енгізіледі. Енгізілетін күнделікті доза емделушінің жасына байланысты:
  • 3-тен 6 жасқа дейін - 1 мл препарат;
  • 6-дан 12 жасқа дейін – 2 мл (бір ампула) препарат;
  • 12 және одан үлкен жастағылар – 2 -4 мл препарат
Емделушінің жалпы жағдайына байланысты күнделікті немесе күнара 2 немесе 4 мл тағайындалады. Емдеу курсының ұзақтығы емделушінің клиникалық статусын бағалауға байланысты. Ұсынылатын емдеу курсы 10 күннен 20 күнге дейін жүргізіледі. Қажет болғанда емдеу курсы дәрігердің ұсынымы бойынша, бірақ 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Взаимодействие с лекарствами

Тиамин полностью распадается в растворах, содержащих сульфиты. Антациды снижают всасывание витамин В1. Тиамин несовместим с окисляющими и редуцирующими веществами хлоридом ртути, йодидом, карбонатом, ацетатом, таниновой кислотой, железо-аммоний-цитратом, а также фенобарбиталом натрия, бензил-пенициллином, эритромицином, глюкозой и метабисульфитом. Медь ускоряет распад тиамина; кроме того, тиамин утрачивает свое действие при увеличении значений рН (рН >3).

Витамин В6 не следует назначать больным, принимающим леводопу, т.к. он ослабляет действие препарата для лечения паркинсонизма. Витамин В6 снижает на 50% терапевтический эффект фенобарбитала и фенитоина. Никотинамид усиливает эффект гипотензивных препаратов и является агонистом изониазида.
Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды. Антацидтер В1 витаминінің сіңуін төмендетеді. Тиамин тотықтыратын және редукциялайтын заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір- аммоний-цитратпен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, бензил-пенициллинмен, глюкоза және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; бұдан басқа, рН (рН >3) мәні ұлғаюында тиамин өз әсерін жоғалтады.

Паркинсонизмді емдеуге арналған препараттың әсерін кемітетіндіктен, В6 витаминін леводопаны қабылдайтын емделушілерге тағайындамаған жөн. В6 витамині фенобарбитал мен фенитоиннің емдік әсерін 50%-ға төмендетеді. Никотинамид гипотензивті препараттардың әсерін күшейтеді және изониазидтің агонисі болып саналады.

Передозировка демотоном в растворе

Симптомы - возможно усиление побочных проявлений лекарственного средства.

Лечение
- симптоматическая терапия.
Симптомдары - дәрілік заттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.

Емі
- симптоматикалық ем.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Тиамин метаболизируется в печени, метаболиты выводятся с мочой. Тиамин проникает через гематоэнцефалический, плацентарный барьеры, обнаруживается в материнском молоке. В случае передозировки тиамином, препарат выводится с мочой и потом в неизмененном виде. Пиридоксина гидрохлорид после внутримышечной инъекции быстро абсорбируется в кровяное русло и распределяется в организме. Около 80% витамина связывается с белками плазмы крови.

Пиридоксин распределяется во всем организме, проходит через плаценту и обнаруживается в материнском молоке, депонируется в печени. Выводится с мочой. Рибофлавин выводится с мочой в виде метаболитов. При увеличении дозы, большая часть препарата выводится с мочой, в неизмененном виде. Никотинамид быстро распределяется по всем тканям организма. Незначительное количество выводится с мочой в неизмененном виде.
Тиамин бауырда метаболизденеді, метаболиттер несеппен шығарылады. Тиамин гематоэнцефалдық және плацентарлық кедергі арқылы өтеді және ана сүтінен табылады. Тиаминді артық дозалаған жағдайда, препарат несеппен және термен өзгермеген түрде шығарылады.

Бұлшықет ішіне инъекция жасалғаннан кейін пиридоксин гидрохлориді қан арнасына жылдам сіңеді және организмге таралады. Витаминнің 80% жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Пиридоксин бүкіл организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен табылады, бауырда жиналады. Несеппен шығарылады.

Рибофлавин метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Дозаны арттырғанда препараттың көп бөлігі өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Никотинамид организмнің бүкіл тіндеріне жылдам таралады. Аздаған мөлшері өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамика

Демотон - Б регулирует белковый, углеводный и жировой обмен, необходим для нормального функционирования центральной нервной системы, щитовидной железы, печени, желудочно-кишечного тракта, кожи и слизистых оболочек, восполняет дефицит витаминов группы В.

Витамин В1 (тиамин гидрохлорид) в организме человека в результате процессов фосфорилирования превращается в кокарбоксилазу, которая является коферментом многих ферментных реакций. Витамин В1 играет важную роль в углеводном, белковом и жировом обмене, а также активно участвует в процессах проведения нервного возбуждения в синапсах, способствует улучшению метаболизма миокардиоцитов и их сократительной функции.

Витамин В2 (рибофлавин) является важнейшим катализатором процессов клеточного дыхания и зрительного восприятия. Рибофлавин, регулируя окислительно-восстановительные процессы, принимает участие в углеводном, белковом и жировом обмене. Рибофлавин играет важную роль в формировании дезоксирибонуклеиновой кислоты, участвует в синтезе гемоглобина, способствует процессам регенерации тканей (в т.ч. клеток кожи), коррекции трофических нарушений в клетках кишечника и нормализации деятельности желудка и кишечника.

Витамин В6 (пиридоксин) играет важную роль в обмене веществ. Витамин В6 необходим для нормального функционирования центральной и периферической нервной системы. Участвует в биосинтезе нейромедиаторов: допамина, норадреналина, адреналина, гистамина и ГАМК.

Витамин В6 способствует нормализации липидного обмена.

Никотинамид (Вит.РР) в форме никотинамидадениннуклеотида (НАД) и его фосфата (НАДФ) входят в состав многих ферментов, участвующих в метаболизме протеидов, необходимых для клеточного дыхания, гликолиза и синтеза жиров.
Демотон – Б ақуыз, көмірсу және май алмасуларын реттейді, орталық жүйке жүйесі, қалқанша без, бауыр, асқазан-ішек жолдарының, тері мен шырышты қабықтардың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті, В тобы витаминдері тапшылығын толтырады.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) адам организмінде фосфорландыру үдерісі нәтижесінде көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазға айналады. В1 витамині көмірсу, ақуыз және май алмасуларында маңызды рөл атқарады, сондай-ақ синапстарда жүйке қозуының өту үдерістеріне белсенді қатысады, миокардиоциттер метаболизмі мен олардың жиырылу қызметінің жақсаруына ықпал етеді.

Витамин В2 (рибофлавин) жасушалық тыныс алу мен көріп қабылдау үдерістерінің маңызды катализаторы болып табылады. Рибофлавин, тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеп, көмірсу, ақуыз және май алмасуларына қатысады. Рибофлавиннің дезоксирибонуклеин қышқылы қалыптасуында атқаратын рөлі маңызды, гемоглобин синтезіне қатысады, тіндер (оның ішінде тері жасушалары) регенациясы үдерістеріне, ішек жасушаларындағы трофикалық бұзылуларды түзету және асқазан мен ішектің қызметін қалыпқа түсіруге ықпал етеді.

В6 витаминінің (пиридоксин) зат алмасуында маңызды рөлі бар. В6 витамині орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Нейромедиаторлар: допамин, норадреналин, адреналин, ГАМҚ және гистаминнің биосинтезіне қатысады. Витамин В6 липид алмасуын қалыптандырады.

Никотинамид (РР вит.) никотинамидадениннуклеотид (НАД) және оның фосфаты (НАДФ) түрінде жасушалық тыныс алу, гликолиз бен майлар синтезіне қажетті протеидтердің метаболизміне қатысатын көптеген ферменттердің құрамына кіреді.

Упаковка и форма выпуска

По 2 мл препарата разливают в ампулы из прозрачного темного стекла с меткой для вскрытия цвета. На ампулу наклеивают этикетку самоклеящуюся. По 5 ампул помещают в пластиковый контейнер. По 2 пластиковых контейнера вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
2 мл препараттан ашу үшін белгі жасалған мөлдір күңгірт шыныдан жасалған ампулаларға құйылған. Ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. 5 ампуладан пластик контейнерге салынған. 2 пластик контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.